Атырау, 26 сәуір 18:26
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

БҰҰ Ресей, Түркия, Иран елдерін Шығыс Гутада оқ атпау режимін енгізуге шақырды

1 373 просмотра


Сирия билігінің Шығыс Гутаға жасаған кезекті әуе соққыларынан 66 адам қаза тапты.

Тағы бірнешеуі жараланды. Сириядағы азаматтық қорғаныс ұйымы өкілдерінің хабарлауынша, жексенбіден бері әуе соққыларынан 210 адам көз жұмды. Олардың 54-і – бала. 850-дей тұрғын жараланған. Осыған байланысты халықаралық ұйымдар дабыл қағып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Сирия келіссөздерінде кепіл мемлекет болып жүрген Ресей, Иран, Түркия елдерін Шығыс Гутада оқ атпау режимін енгізуге шақырды. Өткен жылдың мамырында Астана процесінде қол жеткізген келісім бойынша Шығыс Гута деэскалация аймағына жатады. Сондықтан Ұйым өкілдері барлық тарапты өз міндеттерін бұлжытпай орындауға шақырды.

Реал Леблан, БҰҰ өкілі:

– Бізді әуе соққыларынан қарапайым халықтың қаза тауып жатқаны қынжылтады. Мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар қирап жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығысушы барлық тарапты Сирияда зорлы-зомбылықты тоқтатып, Шығыс Гутада оқ атпау режимін енгізуге шақырады.

Дереккөз: 24.kz

21 ақпан 2018, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.