Атырау, 27 сәуір 03:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

БҒМ білім беру объектілерін жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсы

1 345 просмотра


Білім және ғылым министрлігі білім беру объектілерін жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсы. Бұл туралы Білім жəне ғылым министрлігінің өткен Алқа жиналысының отырасында министр Ерлан Сағадиев айтып кетті.

«Сенімді басқаруға беруді себеп қылып, жергілікті жерлерде балабақшалар мен колледждерді жекешелендіру жүргізіліп жатыр деген ақпарат бізге келіп түсуде. Біз жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсымыз. Өткен жылы 700-ден астам жаңа балабақшалар мен мини-орталықтар ашылғаны жақсы болды, көбісін жеке кәсіпкерлер ашты. Біз ондайды қолдаймыз, бірақ ештеңені жекешелендіру қажет емес. Балабақшаларды қайта сатып алу басымыздан өткен. Білім беру объектілері əлі де біраз уақыт жеткіліксіз болады», – деп БҒМ басшысы өз позициясын білдірді.

«Білім жəне ғылым министрлігінің жеке мектептер желісін кеңейту қажеттілігі туралы мәлімдемесін дұрыс түсіну керек. Сөз тек жаңа мектептер туралы қозғалуда. Жаңа мектептердің құрылысын жеке инвестицияларды тарту арқылы да ынталандыру қажет. Дегенмен барлық мемлекеттік мектептерді сақтап қалу жəне жеке сектор бармайтын жерлерде салуды жалғастыру керек», – деп ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның басшысы Асқар Ибраимов өз жағынан түсініктеме жасады.

Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуімен де, қала тұрғындарының артуымен де байланысты. Министр Е.Сағадиев мәлімдемесі бойынша, əрбір екі жыл сайын 300-ге жуық мектеп салу керек, оған бюджеттік қаражаттан 350-400 млрд теңге қажет болады. Білім беру ведомствосы басшысының ойынша, жеке капитал тартуды ынталандыру керек. 

Сонымен қатар министр «мемлекет мектептер құрылысын, əсіресе ауылдық жерлерде салуды жалғастырады» деп ерекше айтып кетті.

Дереккөз: 24.kz

20 ақпан 2018, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.