Атырау, 27 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тәжікстанда интернет мемлекет бақылауына өтпек

1 759 просмотра


Тәжікстанда мемлекеттік интернет провайдері - «Тәжіктелеком» компаниясы елдегі интернет трафигін жеткізетін бірден бір провайдер және жалғыз ұялы байланыс операторы болмақ деп хабарлады Азаттықтың Тәжік редакциясы. Бұған дейін операторлар қызмет көрсетушіні өздері таңдай алатын еді. «Тәжіктелеком» компаниясының басшылығы енді үкіметтің «Біртұтас коммутациялық байланыс операторын құру туралы» қаулысына сай жұмыс істейтінін айтады.

2016 жылдың басында Тәжікстан билігі «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экстремизммен күресу үшін» біртұтас коммутациялық орталық (БКО) құрылатынын жариялаған. БКО-ны құруға 50 миллион доллар жұмсалды және ол үкімет пен арнайы қызметке елдегі байланыстың барлық түріне бақылау орнатуға шексіз мүмкіндік береді. Бірақ бұған дейін провайдерлерге «Тәжіктелекомнан» басқа компаниядан трафик сатып алуға тыйым салу туралы айтылмаған еді.

Тәжікстан провайдерлері мен ұялы байланыс операторлары тығырыққа тірелгенін айтады. Шектеуге наразы кейбір байланыс операторлары бас прокуратураға жүгініп, үкіметтің бұл шешімінің заңдылығын тексеруді сұрады.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстанды баспасөз бен интернет еркіндігі салаларындағы ахуалы нашар елдер қатарына қосқан.

Дереккөз: azattyq.org

20 ақпан 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.