Атырау, 27 сәуір 05:31
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ливия билігі 250 африкалық босқынды еліне қайтарды

1 228 просмотра


Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мен жергілікті биліктің заңсыз босқындарға қарсы бірлескен іс-жоспарының аясында жүргізілді.

Ливия билігі өкілдерінің айтуынша, елден шығарылғандардың басым бөлігі Африканың солтүстік бөлігіндегі мемлекеттерден келген. Олар Ливияның Мисрата қаласында қоныстанып, жұмысқа орналасқан. Дегенмен отандарына қайтуға ерікті түрде өтініш берді. Ал жүз шақтысы босқындарды қабылдау орталығында болған.

Айта кетейік, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жету үшін африкалық босқындар Ливия бағытын жиі пайдаланады. Олар заңсыз адам тасымалдаумен айналысатын қарақшы топтарға ақша төлеп Италия жағалауына жүзеді. Жыл басынан бері осы бағдармен 3 жарым мың мигрант кәрі құрлыққа табан тіреген. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға азайған.

Салех Әбу-Давоус, Ливияның заңсыз босқындарға қарсы агенттігінің өкілі:

- Бүгін депортацияланғандардың барлығы Нигер елінің азаматтары. Бірқатары Мисрата қоғамына кіріп, жұмысқа орналасқан. Бірақ еліне қайтуға өздері өтініш білдірді. Сондықтан барлығын бірге ұшақпен жөнелтуді жөн көрдік.

Дереккөз: 24.kz

20 ақпан 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.