Атырау, 27 сәуір 04:56
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Өзбекстанда сот жүйесін реформалау қарқынды жүргізіліп жатыр

1 669 просмотра


Бұдан былай қылмыс жасаған күдіктіні қамауға алуға және ұялы телефондарды тыңдауға рұқсатты тек сот береді. Сонымен қатар фемида қызметкерлерін Жоғарғы сот кеңесі тағайындайды. 

Жүйедегі реформа Өзбекстанның 5 басым бағытқа негізделген 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мамандар заңнамалық база мен сот жүйесін дамыту стратегиясын жасауда шетелдік әріптестерінің тәжірибесіне көбірек жүгінгенін атап өтті. 

Жалпы бұл тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстанның үлгісін ерекше атап өтуге болады. Өйткені «Ұлт жоспары – бес институттық реформаны іске асыруға бағытталған 100 қадамның» негізінде еліміздің сот жүйесіне бірқатар жаңалықтар енгізілді. Өткен жылы екі елдің Жоғарғы сот төрағалары өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. 

Козимжон Комилов, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы: 

- Біздің елімізде алғаш рет Жоғарғы сот әкімшілік рәсімдерді қолдады, қазіргі уақытта Ташкент қаласында және аудандар мен қалаларда 207 әкімшілік сот ұйымдастырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің коммерциялық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған 85 экономикалық соттардың қызметі жолға қойылды. Судьяларды таңдау және жаңа лауазымға тағайындауда Жоғарғы сот кеңесі құрылып, судьяларды ашық демократиялық жолмен таңдау жүргізілуде. 

Ерік Өтембаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:  

- Биылғы жылы біз бірқатар ірі инвестициялық жобаларға қол қойған сәттің куәсі болдық. Оған қоса ірі халықаралық қаржы институты келді. Бұның барлығы сот жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Әрбір инвестор өзіне кепілдік беретін сот қорғауын сезінеді. Қазақстан мен Өзбекстандағы сот қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуы құптарлық жағдай. Қазақстанда жаңа халықаралық қаржы орталығын құрылды. Оның жанынан ағылшын тәсілімен жұмыс істейтін халықаралық арбитражды сот жасақталды.

Дереккөз: 24.kz

8 ақпан 2018, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.