Атырау, 27 сәуір 08:30
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әзірге базар-вокзал

Сурет
5 077 просмотра


Редакциямызға хабарласқандай, Атырау облысындағы ең мұнайлы Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласындағы темір жол вокзалында жолаушылар үшін жағдай жасалмаған .

Вокзалға "Астана-Маңғышылақ", "Маңғышлақ-Атырау" және "Ақтөбе-Маңғышлақ" поездары тоқтайды.

Мен Ақтөбеде тұрамын. Мұнда туыстарым болғандықтан жиі келуге тура келеді. Вокзал деген атақ десе болады. Себебі, мұнда қарапайым жағдайлар жасалмаған. Күту залындағы столдар тар, бірнеше сағаттап тапжылмай отыру мүмкін емес. Мұнда киоск деген жоқ. Жүк сақтайтын орын қарастырылмаған. Асхана ашылып, ыстық тамақ болса, мынадай қыстың аязды күндері жолаушылар үшін жақсы болар еді. Ал әжетхана ғимаратта да, тыста да жоқ. Облыстың екінші қаласындағы вокзалдың жайы осындай,- дейді Әсия есімді әйел.



Вокзал өткен ғасырдың 70-жылдары 50 орындық етіп салынған. Елу орын аздық қылуда. Әсіресе, вахталық жұмысқа барушылар көбейген сайын кейде вокзал тарлық етеді. Алайда Құлсары станциясы вокзалының бастығы Беркін ЗЕЙНЕЛОВ бұл жағымсыз пікірлермен келіспейді:

- Отырғыштар жеткілікті. Ал жүк сақтайтын бөлмені бір кәсіпкер жалға алды. Ол үнемі мұнда отырмайды. Егер жолаушы жүгін тапсырғысы келсе онда біз оның ұялы телефонына шығып, шақырып аламыз. Асхана бөлмесін де дайындап отырмыз, оны да жалға береміз. Әжетхана орыны да бар, ақылы негізде біреу ашпақшы.

Сонымен қатар, "ЖК Балжігітов" көрші учаскеге қалалық әкімдікке тиесілі жерден 500 орындық ғимарат салуды жоспарлап отыр. Құрылыс сәуір айында басталуы тиіс.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

6 ақпан 2018, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.