Атырау, 27 сәуір 07:21
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​ҰҚК IT-технологиялар саласындағы заңға қайшы әрекеттерді әшкереледі

2 240 просмотра


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдын ала тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттеріндегі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің серверлерінде криптовалюталар өндіру (майнинг деп аталатын) фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабы (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу) және 210-бабы (Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалну немесе тарату) бойынша қылмыстық істерді тергеуде. 

Заңға қайшы әрекетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырған. 

Криптовалюталар майнингіне департаменттердің өздерінің, олардың аудандық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің серверлері, сондай-ақ қызметкерлердің анағұрлым өнімді қызметтік компьютерлері қолданылған.  

Ол үшін серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурстарды пайдаланатын арнайы бағдарламалар (майнерлер) жасырын орнатылған, ол ақпаратты өңдеу жылдамдығын төмендеткен және олардың жұмысын баяулатуға әкеп соққан. Осы бағдарламалар жүйелік қызметтер түрінде орнатылып, вирусқа қарсы айрықша бағдарламалар тізімдеріне енгізілген.

Дереккөз: 24.kz

2 ақпан 2018, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.