Атырау, 26 сәуір 16:17
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор болды

2 738 просмотра


Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалдыу, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. 

"Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол бес жылдан астам Парламент Мәжілісінің депутаты болып, комитет басқарды. Мен оның партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 ақпан 2018, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.