Атырау, 26 сәуір 23:32
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қытайда жаңа «Ұлы қорған» пайда болады

3 421 просмотра


Биыл Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 5700 шақырым шекара бойында шекара бақылауы күшейтіліп, жаңа «Ұлы қорған» құрылады, деп хабарлайды China Daily

Шыңжаңдағы «Ұлы қорған» өңірге шетелден экстремизмнің, сепаратизм мен терроризмнің кіруіне жол бермеу мақсатында құрылмақ, деп мәлімдеді дүйсенбі өңірдің төрағасы Шохрат Закир. 

Шенеуніктің айтуынша, ел билігі маңызды облыстардағы қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндігін пайдалануда. 

Сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қолдау үшін ШҰАӨ билігі шекара аудандарында инфрақұрылымды дамытып, Интернеттегі қауіпсіздік және бақылау шараларын күшейтуді жоспарлағаны хабарланды. 

Дереккөз: inform.kz

24 қаңтар 2018, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.