Атырау, 27 сәуір 05:16
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Геолог тұрғыны өзін өзі өртеп жіберді

4 305 просмотра

Сенбі күні, 20 қаңтарда түнде Геолог поселкесінде өзін өзі өртеу оқиғасы орын алды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА растады. Оның айтуынша, бұл 1985 жылғы жергілікті тұрғын екен. Ол өз үйінің ауласында өзін өзі өртеген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіттің мұндай әрекетке баруына оның әкесімен ұрыс-керісі себеп болған.  Зардап шегуші таныстарының үйлену тойынан келгеннен кейін отбасылық жанжал басталған. Әкесі ұлына, егер ол тынышталмаса, полиция шақыруға мәжбүр болатынын айтқан. Ұлы әкесіне одан да тірілей өртеніп кеткенім жақсы деп, өзінің үстіне бензин құйып жіберіпті.

Зардап шегуші қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесі 65%-ға күйген, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Айнұр САПАРОВА

21 қаңтар 2018, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.