Атырау, 27 сәуір 07:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мектептегі жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 659 просмотра


Улан-Удэ қаласындағы мектептердің бірінде оқушыларға жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей тергеу комитетінің жергілікті басқармасына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, тергеушілер мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ол жетінші сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасапты. Болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, "Сосновый бор" шағын ауданында орналасқан мектептің 9 сынып оқушысы таңертең жетінші сынып оқушыларына балтамен тап берген, кейін жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкені пайдаланып, білім беру мекемесін өртемек болған", — деп хабарлайды РИА Новости.

Шабуыл салдарынан үш оқушы мен бір мұғалім зардап шекті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өз-өзіне қол салмақ болған жасөспірім ұсталып, қазір ауруханада жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қаңтар 2018, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.