Атырау, 26 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Навальный сайлауға қатыстырмағанына тағы да шағымданды

1 805 просмотра


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Жоғарғы сот президиумына Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өзін президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуден бас тартуына қарсы шағымданды. Бұл туралы саясаткер мүддесін қорғайтын заңгер Иван Жданов «Интерфакс» агенттігіне хабарлаған. 

Жоғарғы сот агенттікке шағым түскенін және тіркелгенін растағанымен, оның қашан қаралатыны әлі белгісіз екенін айтқан.

25 желтоқсанда ОСК Навальныйды «Кировлес» ісі бойынша сотталғандықтан кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан. 30 желтоқсанда Ресей Жоғарғы соты оппозиционердің ОСК шешімін заңсыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. 6 қаңтарда апелляциялық инстанция бұл шешімді құптаған.

Алексей Навальныйдың өкілдері саясаткерді сайлауға қатыстырмауды заңсыз деп біледі. Навальныйдың өзі Twitter-де сайлауға бойкот жариялап, сайлаушыларды шеруге шығуға шақырған.

«Біз бәсекесіз өтетін сайлауды мойындамаймыз» деп жазды саясаткер. Бұдан соң Кремль Навальныйдың бойкот жариялауға шақыруының қаншалықты заңды екенін тексеру қажетін мәлімдеген.

28 қаңтарда бүкілресейлік сайлаушылар ереуілі өтеді деп жоспарланған.

Дереккөз: azattyq.org

18 қаңтар 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.