Атырау, 27 сәуір 07:27
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Өзбекстан халқының саны 32, 65 миллион адамға жетті

2 905 просмотра

Фото: UZ24.uz
Өзбекстан халқының саны 32, 65 миллион адамға жетті – деп хабарлайды елдің мемлекеттік статистика комитеті. 

Соңғы статистикалық зерттеулер бойынша, халықтың саны өткен жылдармен салыстырғанда 533, 4 мың адамға көбейіп, 32, 65 миллион адамға жеткен. Оның 50 пайызы (16, 53 миллионы) қалада, 49 пайызы (16,12 миллионы) ауылды жерде тұрады. 

Өзбекстан халқының басым көпшілігі Самарқант (3,72 миллион адам), Ферғана (3, 62 миллион адам), Қашқадария (3, 48 миллион адам) және Әндіжан (3,11 миллион адам) облыстарында тұрады. 2017 жылы Өзбекстан халқының табиғи өсімі 554,0 мың адамды құраған. 

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17, 4 мың адамға аз. 2016 жылы бұл көрсеткіш  571, 4 мың адам болған. 2017 жылы Өзбекстанда 775, 5 мың бала дүниеге келген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 қаңтар 2018, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.