Атырау, 27 сәуір 00:33
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Астана әкімдігі қала тұрғындарын үйден шықпауға шақырды

1 744 просмотра

Фото: astana.gov.kz



Астана әкімдігі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз", — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берді. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. 
 Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өту керек.

Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

11 қаңтар 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.