Атырау, 20 қаңтар 02:40
Таңертең ашық-7, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.20  € 397.13  P 5.74

Ардагерге арналған үй

11 қаңтар 00:00

Конституция күні қарсаңында әкеме соғыс ардагері ретінде Махамбет ауданы орталығынан жаңа баспана берген болатын. Алайда, баспананың кілтін қолымызға алғанымызбен әлі күнге құжатын рәсімдей алмай келеміз. Төрт айдан асты. Енді қанша күтуіміз керек? 
Талғат, Махамбет ауданының тұрғыны

Сұраққа Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ жауап берді: 

- Бұл 60 пәтерлік үй ауданымызда бірінші рет облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде демеушілікпен салынған болатын. Облыс әкімінің қаулысы арқылы ауданның балансына берілгеннен кейін ауданда комиссия құрылып, тұрғын-үй кезегінде тұрған мұқтаж жандарға, жетімдерге, әлеуметтік осал топтар мен бюджет саласында жұмыс жасайтындарға кезек бойынша ипотекалық негізде берілді. Ал соғыс ардагеріне тегін. Құжаттардың ұзақ уақытқа кідіруінің себебі ипотекалық үйдің бір пәтерін жекеменшікке айналдыру үшін оған облыстан бөлек қаулы шығып, бөлек құжаттар дайындалады. Қазіргі таңда құжаттар қаңтар айының соңына дейін рәсімделіп бітеді деп отырмыз.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

224 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Тұрғын үй кезегі тұралап тұр  1402 рет қаралды

Tesla бағасы 45 доллар болатын ең арзан өнімін сатылымға шығарды  463 рет қаралды

Айдалада ақ отау  1580 рет қаралды

Бай өңірдің тұрмысы қалай?  1888 рет қаралды

Басты бет