Атырау, 27 сәуір 07:41
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ирандағы наразылыққа Қазақстаннан қарау», «"Терроршылар тізіміне" енгендер алимент пен әлеуметтік қызметтен қағылады», «Асылбек Мусин өліміне не себеп болды?», «Қытайда қанша қазақ бар?», «Жаңа әлемде АҚШ қандай рөл атқарады?», «Қорықпайды ғой…».

3 185 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «"Терроршылар тізіміне" енгендер алимент пен әлеуметтік қызметтен қағылады» - Қазақстанда "экстремистік" баптар бойынша сотталғандар енді жаңа шектеулерге тап болды.

«Жаңа әлемде АҚШ қандай рөл атқарады?» - АҚШ-тың халықаралық істерде "теңдессіз күш" саналған дәурені өтіп барады. Геосаяси ландшафт барған сайын өзгеріп келеді. Трамп әкімшілігі қатерлі өтпелі кезеңде жол таба ала ма?

«Ирандағы наразылар кімдер?» - Иранның жаңа тарихындағы билікке қарсы ең ірі жаппай наразылықтың артында кім тұр? Бұл сұраққа жауап табу оңай емес.

«Ирандағы наразылыққа Қазақстаннан қарау» - Қазақстандық сарапшылар Иран билігі тез арада мәмілеге келуге тырыспаса, ішкі тұрақтылықтың шытынауы мүмкін деп санайды.

ABAI.KZ. «Ыдырысов: "Астанада Назарбаев культі орнықты деу - сандырақ"» - Өткен жолы "Financial Times" басылымы Қазақстанның Астанасы жемқорлық пен мақтанқұмарлыққа жол ашатын жоба деген ауандағы мақала жариялаған болатын. Оған Ұлыбританиядағы бас елшіміз Ерлан Әбілфайызұлы жауап беріпті. 

«Әншілер енді қара сөзге көшпесін...» - Ұйпа-ұйпа ұйқасы бар мәнсіз мәтінді әндер бүкіл телерадиоэфирді жаулап алғаны қашан. 

«Қытайда қанша қазақ бар?» - Қазақтың үлкен бір шоғыры Қытай елінде тұрады. Олар Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районының солтүстік өңіріне бытырай орналасқан. Бұл ол жақтағы қазақтардың ата бабаларынан қалған тарихи атамекендері. Шыңжаңның басым бөлігі қазақтардың ата қонысы болып келгені тарихтан белгілі.

«Тәубә етіңдер, қазақ қыздары!» - Жезөкше дейміз, жеңіл жүрісті қыз, түнгі көбелек, жеңгетай дейміз, бұл жаманаттың арғы жағындағы кейіпкер бейнелері расында да, өзіміздің қазақтың аяулы қарагөз қыздары емес пе? Бұлардың осы жүрістерінің шегі бар ма, жоқ уақытша ма, әлде өмірлікке жалғаса ма? Бұдан шығар жол бар ма? Болса қандай? Қателескен қыздарды түзу бағытқа түсуіне әрекет жасап көрдіңдер ме?

QAZAQTIMES.COM. «Ердоған биліктен кетпейінше АҚШ-Түркия қатынасы оңалмайды» -  Таяуда АҚШ пен Түркия екіжақты қарым-қатынастарын қалпына келтіретінін мәлімдеп, 3 айға жалғасқан «виза дағдарысы»  шешімін тапты.

SERKE.ORG. «Асылбек Мусин өліміне не себеп болды?» - Қазақстандағы рационал монотеизмнің негізін салушы Асылбек Мусиннің өлімін тексеріп жатқан Рига қаласының полициясы әлдебір мүдделі күштер салып берген сүрлеумен кетіп барады.

STAN.KZ. «Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді» - Түнгі клубта болған оқиғаға дейін Айжан Байзақованы көпшілік инстаргамның жалаңаш “жұлдызы” әрі спортшы ретінде танитын. Алайда оның отандық фильмде басты рөлді сомдағанын екінің бірі білмес. Иә, қыздарды шешіндіріп, ол үшін ақша төлеген Байзақова Азамат Сатыбалдының кинопродюсер ретінде тырнақалды туындысында ойнаған.

TURKYSTAN.KZ. «Қос елдің төлқұжатын төске басқандар» - Өткен аптада Алматы әуежайында қос азаматтығы бар әйел ұсталды. Қазақстан мен Түркия азаматтығын қатар иеленген заңбұзушыға 453 мың теңге айыппұл салынды.

«Әліпбидің нұсқасы айқындалды ма?» - Екі жобаның қайсысы тиімді?

EGEMEN.KZ. «2018 жыл – спорт жылы» -  2018 жыл жарысқа толы жыл болмақ. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен басты дода – футболдан әлем чемпионаты өтеді. Одан бөлек қазақстандық клубтардың еурокубоктегі өнерін де биыл ерекше сеніммен күтетін боламыз. Одан бөлек те, ел қоржынына жүлде салатын жарыстар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпия ойындары.

365INFO.KZ. «Қорықпайды ғой…» -  Саясаттанушы Иран қазақтары біз туралы не ойлайтынын айтты. Көпшілік Жаңа жылды тойлап жатқанда Иранда қан төгілді. Бір аптаға созылып бара жатқан Ирандағы ереуілде бейбіт тұрғындар көз жұмды. Ал президенттің отбасы шетелге қашып үлгергенге ұқсайды. 28-желтоқсанда шағын қаладан басталған митингке Иранның өзге өңірлері біртіндеп қосылып, ақыры ел астанасына да жетті. 

QAZAQUNI.KZ. «Қазақстандықтарды 2018 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр?» - Бірқатар заңдарға енгізілген өзгерістерден кейін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың міндетті төлемдері көбейе түспек. 2018 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемі де артатыны белгілі. 

4 қаңтар 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.