Атырау, 26 сәуір 16:15
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Төрткүл дүниеге төрағалық ететін жыл», «Назарбаевтың жеке басына табыну бар ма?», «Жаңа әліпби нұсқаларының тартысы басталды», «Әлеуметтік желідегі шенеуніктер белсенділігі», «Қазақстан қорларды Норвегия үлгісімен "біріктіруі мүмкін"».

2 228 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Әлеуметтік желідегі шенеуніктер белсенділігі» - Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының саны артқанымен әлеуметтік желіде белсенді шенеуніктер саусақпен санарлық деуге болады.

«Өзбекстанға жақындап, Қырғызстаннан алыстау» - 2017 жылы Қазақстанның Орталық Азиядағы көршілерімен қатынасында өзгерістер байқалды. Ресми Астана Ташкентпен қатынасын жақсартқанымен, Бішкекпен кикілжіңге барды.

«Назарбаевтың жеке басына табыну бар ма?» - Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсыластары елде президенттің жеке басына табыну белгілері күшейіп келеді деп мәлімдейді. Назарбаевтың жақтастары елде мұндай құбылыс жоқ, бұл – "ұлттық ерекшеліктердің көрінісі" ғана деп санайды.

«Жаңа әліпби нұсқаларының тартысы басталды» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы сәуір айында "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Осы мәлімдемеден кейін парламентте латын нұсқасындағы қазақ әліпбиінің екі нұсқасы ұсынылып, арты пікір-таласқа айналды. Азаттық 2017 жылдың маңызды оқиғаларының бірі ретінде жаңа әліпби мәселесіне шолу жасады.

«Желіде бөліскен үзіндінің сараптамасы сотқа себеп болды» - Алматы облысының Қарасай аудандық сотында «діни араздық қоздыру», «терроризмді насихаттау» бабымен айыпталған Ералтай Абайдың соты жүріп жатыр. Оның әлеуметтік желіде жариялап, кейін ескертуден соң жойған постынан сараптама «терроризмді насихаттау белгісін» тапқан.

«Қазақстан қорларды Норвегия үлгісімен "біріктіруі мүмкін"» - Батыс баспасөзінде Қазақстанның зейнетақы және ұлттық қорларын "ықтимал біріктіруге", қазақ-қырғыз қатынастарындағы "серпінге" қатысты комментарийлер жазған. Бұған қоса, БАҚ туралы заңға енгізілген "даулы" өзгерістерге де назар аударған.

RATEL.KZ. «Дос Көшім: Келесі жылы қазақ мәселесі күшейеді» - Саясаттанушының айтуынша, енді қоғамның өзінің көтерілетін кезеңі келе жатыр.

365INFO.KZ. «Назарбаев көріп отыр…» - Cаясаттанушы 2018 жылдың басты жаңалығын айтты. Келер жылы «қызықтың көкесін» көреміз. Саяси талас-тартыс қызған шағына сай келеді бұл жыл.

«Ұят болды-ау!..» - 2017 жылы ел есінде қалған есерсоқ әкімдер (фото, видео). Атың шықпаса жер өрте демекші, артта қалып бара жатқан 2017 жылда „аты шыққан„ төрт әкім бар. Төртеуі де көпке дейін елдің аузынан түспей, сөзге қалып жүрді.Атың шықпаса жер өрте демекші, артта қалып бара жатқан 2017 жылда „аты шыққан„ төрт әкім бар. Төртеуі де көпке дейін елдің аузынан түспей, сөзге қалып жүрді.

ABAI.KZ. «Өзінің шығарған заңын өзі ұстанбайтын ел» - Қай ел, қай қала өзінің тойын басқа тілде өткізіп еді?

EGEMEN.KZ. «Төрткүл дүниеге төрағалық ететін жыл» - Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүше болып сайланғаны белгілі. Беделді ұйым құрамындағы бір жылымыз табысты аяқталды. 2018 жылды аталған Кеңеске төрағалық етумен бастап отырмыз. Осыған байланысты Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаровпен әңгімелескен едік.  


3 қаңтар 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.