Атырау, 26 сәуір 23:32
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандықтарға биржада сауда жасап баюды үйретеміз – Назарбаев

2 451 просмотра

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесуде не себепті инфрақұрылым мен индустрияландыруға көп қаржы жұмсалып жатқанын түсіндірді. Мұнымен қатар, Елбасы алдағы уақытта қазақстандықтарды биржада жұмыс істеуге үйрететінін айтып өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлем» – біздің экспозициямыздың басты ғимараты болып тұр. Ол алдағы уақытта музей секілді болып қала бермек. Бұл ғимаратты көру үшін күн сайын көптеген адам келеді. Ал сенбі, жексенбі күндері келетін адамдар саны екі мыңға жуықтайды. Пайда болған мұз айдынында қыс бойы сырғанауға болады. Ал мұз айдынының қақ ортасына шырша жайғасты. Оның үстіне бұл жерге халықаралық қаржы орталығы салынып жатыр. Оған Шанхай сынды биржалар қатысады. Біздің қазақстандықтар әзірге биржаның не екенін білмейді және акциялармен жұмыс істей алмайды», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан кейін Елбасы америкалықтардың көп бөлігінің акциямен жұмыс істей алатынын мысалға келтірді. Алдағы уақытта Қазақстан халқының да осындай деңгейге жететінін айтып өтті.

«Америкада халықтың 70%-ы акциялармен жұмыс істеп, осы жолмен қосымша табыс тауып отыр. Акциялардың котировкасы жіті бақыланатын болады. Біз қазақстандықтарды акцияға ақша салып, дивиденд алып, осы жолмен баюды үйретеміз. Екіншіден, бұл жерде технологиялар девиденті – өндірістік стартап болады. Компаниялар мен IT технологиялар жұмыс істейді. (...) Олар келесі жылдан бастап іске қосылады. Осы мәселеге қатысты басты судьяны тағайындадым. Ол – ағылшын судьясы. Мұнда, ең бастысы, сенім», - дейді Елбасы.

Сөз соңында Президент Қазақстан мемлекеті үшін инфрақұрылым мен индустрияландырудың орны ерекше екенін айтып өтті.

«Мәселелер қалай шешіледі? Шетелдік компаниялар қалай ақша салады? Арбитраж болмауы үшін заң керек. Мұның барлығы осылайша тоқтамай жұмыс істей береді. Біздің мемлекетіміз үшін қызмет етеді. Сонымен неге инфрақұрылым мен индустрияландыруға ақша салып жатырмыз? Себебі, биржадағы тауарлар бағасы қарқынды түрде өсіп отырады. Осы кезде біз ақша, зейнетақы және жалақысыз қалуымыз мүмкін. Білімді адамдар әр сауалына жауап алулары тиіс. Жауаптарды интернеттен де табуға болады. Біз де, мемлекеттік қызметкерлер де кез келген сұраққа жауап беруге дайын. Барлыға ақылға қонымды жолмен, белгілі бір бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев

Дереккөз: baq.kz

26 желтоқсан 2017, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.