Атырау, 24 маусым 02:38
Таңертең ашық+31, күндіз +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Жарық тендерден соң беріледі

20 желтоқсан 2017 18:35

– 2012-2013 жылдары М. Қазірет (бұрынғы Маркс) көшесіне шамдар орнатылды. Бірақ оларға әлі күнге дейін жарық қосылмаған. Атырау қалалық әкімдігі өтінішімді қарап шыққаннан соң: нысанды салушы - «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС жосықсыз мердігер деп танылып, банкрот боп жарияланғанын, осы себепті іске қосу-реттеу жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын, тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі сотқа талап арыз беріп, тек содан кейін нысанның пайдалануға қабылданғанын хабарлады. Содан бері қарай 4 ай уақыт өтті, бәлкім, сот ақырғы шешім шығарып, қандай компанияның жұмысты аяқтайтыны және көшемізге қашан жарық берілетіні белгілі болған шығар.

Телефон арқылы Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ жауап берді. 

Жауапта айтылғандай, Атырау облысының экономикалық соты осы іс бойынша өз шешімін шығарған. Енді сіздің көшеңізді жарық беру жүйесіне қосу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыратын мердігерді анықтау үшін толық тендерлік процедура өткізіледі.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2156 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АСА ісі: Апаттан ақша жасаған ба?  1460 рет қаралды

Тасымалдау техникасының ғажайыптары  1433 рет қаралды

Тұрақсыздық өтемі  1475 рет қаралды

«Әзілдеуді» әдетке айналдырған  1515 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6