Атырау, 27 сәуір 07:59
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Оппозицияның айтары осы ма?», «АҚШ Ресей мен Қытайды басты қауіп деп тапты: Державалар тіресі басталды ма?», «Мәскеу Душанбеге қару-жарақ берді», «Қырғыз-өзбек саудасында сұрақ көп», "Мен қылмыскер емеспін".

2 030 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Оппозицияның айтары осы ма?» - Қарағанды шахталарындағы ереуіл кезінде байқалған қызық жайттардың бірі Қазақстанның оппозициялық ЖСДП партиясына қайта жан біткені болды.

«Мәскеу Душанбеге қару-жарақ берді» - "ДАИШ содырлары Ауғанстанға өтіп жатыр" деген хабар тараған кезде Ресей Тәжікстанға әскери-техникалық құрылғылар жөнелтті.

«Қырғыз-өзбек саудасында сұрақ көп» - Жаңа президенттері кездескен Қырғызстан мен Өзбекстан өзара сауда қатынасын дамытуға мән берді. Сарапшы Сапарбай Жұбаев Азаттыққа берген сұхбатында екі ел саудасының ерекшеліктеріне тоқталды.

 "Мен қылмыскер емеспін" - Алты жыл бұрын Жаңаөзенде болған ереуілден соң сотталған мұнайшылар белсендісі Мақсат Досмағамбетовтің түрме жазасы бүгін аяқталды. Ол бұл ереуілдің құны өзі үшін өмірімен өлшенгенін айтады.

«НТС кеңсесіне сот орындаушылары келді» - Қырғызстандық НТС телеарнасына сот орындаушылары келіп, компания мүлкін бұғаттау туралы сот ұйғарымын таныстырды. Бұл телеарна саясаткер, президенттікке кандидат болған, Жогорку Кенеш депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі деп сипатталады.

QAMSHY.KZ. «Ерлан Қарин: Дәстүрлі бағыт пен жаңа медианы бөліп қарастыруға болмайды» - ««2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан ұлттық арнасының жаңа қосымшасын назарларыңызға ұсынамыз. Мүмкіндігінше шетелдік тәжірибені, қазіргі аудиторияның сұранысын, талабын ескере отырып жасауға тырысамыз».

STAN.KZ. «Ғалымдар селфиқұмарлықтың психикалық ауру екенін анықтады» - Ғалымдар аталған зерттеуді International Journal of Mental Health and Addiction журналында жариялады.

 QAZAQTIMES.COM. «АҚШ Ресей мен Қытайды басты қауіп деп тапты: Державалар тіресі басталды ма?» - Трамп Құрама Штаттың президенті болғаннан тартып «Америка – көшбасшы» саясатын жолға қойып, АҚШ-тың экономика, қауіпсіздік және басқа да жақтардағы лидерлік орнын бекемдеуге тырысып келеді. 

EGEMEN.KZ. «Дүниежүзілік банк Вашингтондағы мәжіліс залына қазақ қызының есімін берді» -  Дүниежүзілік банк Вашингтондағы штаб-пәтерінің мәжіліс залын Қазақстаннан шыққан қызметкері Алма Оразалинованың есімімен атады. Бұл қазақ қызының банктің дамуына қосқан ауқымды үлесін мәңгі есте сақтау үшін жасалған қадам, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.


20 желтоқсан 2017, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.