Атырау, 27 сәуір 06:51
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Тұңғыш қазақ тілінде қабылданған заңға 20 жыл», «100 жыл бұрын Қазақстанда құрылған үкіметтер», «Шахтерлер жер астында жалақы көбейтуді талап етіп тұр», «Жоғарғы Сот төрағасы неге ауысқаны белгілі болды», «Ғалымдар не дейді?».

2 115 просмотра

ABAI.KZ. «Шыңжаңда 500 мыңнан астам қазақ тұтқындалады» - Abai.kz ақпараттық порталының уатсап әлеуметтік желісіндегі аккаунтына "Шыңжаңда 500 мыңнан астам қазақ тұтқындалады" атты материал келіп түсті. Ол материалда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын 500 мыңнан астам қандасымыз тұтқындалуы мүмкін екені айтылған.

«Тұңғыш қазақ тілінде қабылданған заңға 20 жыл» - Қазақ парламентаризмі тарихында тұңғыш рет қазақша дайындалған құжат ретінде белгілі жалғыз ғана заң бар. Ол – 1997 жылдың  13 желтоқсанында қабылданған  ұлтжанды азамат, депутат Әкім Ысқақтың «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы. 

«”Эйр Астана” бортсеріктерінің біреуі де қазақша сөйлемейді ғой» – Қазақстандық компания бола тұрып, қазақ азаматтарына Ресей тілінде сөйлеп, заңды бұзумен аты шыққан «Эйр Астанаға» қарсы сот жалғасын табуда.

 AZATTYQ.ORG.  «100 жыл бұрын Қазақстанда құрылған үкіметтер» - Осыдан жүз жыл бұрын, 1917 жылы желтоқсаның 13-і күні Орынборда Екінші жалпықазақ съезі аяқталып, "Алаш" автономиясын жариялау туралы қаулы қабылданды. 

«Шахтерлер жер астында жалақы көбейтуді талап етіп тұр» -  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының төрт шахтасының кеншілері желтоқсанның 11-і түнгі ауысым біткеннен кейін жер бетіне шығудан бас тартты.

«Тәжік олигархы тұтқындалды» - Тәжікстанда ірі мақта өңдеу, тігін кәсіпорындарының қожайыны тұтқындалды. Олигархқа коммерциялық банктен алған 15 миллион доллар несиені қайтармады деп айып тағылған.

«Байқоңырды суретке тартқан ұшақты қалай атып түсірген?» - Кіші Гэри Пауэрс әкесі - америкалық әскери ұшқыш жайлы мәліметтерді баяғыдан жинап келеді. 1960 жылы үлкен Пауэрс Байқоңыр мен Арзамас-16 ядролық қаруды құрастыру орталығын әуеден суретке түсіруі тиіс болған, бірақ оның ұшағын атып түсірген, ал кейінірек ұшқышты совет барлаушысы Рудольф Абельге айырбастаған.

RATEL.KZ. «Жоғарғы Сот төрағасы неге ауысқаны белгілі болды» - Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ еліміздегі құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту үдерісіне тоқталып, бұл жүйеде кадрлық өзгерістер жасаудың қажеттілігін атап өтті.

AIKYN.KZ. «Ғалымдар не дейді?» - Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институтының сарапшы мамандары бас қосып, «Латын әліпбиіне көшудің мәдениеттанулық және білім берудегі мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. 

 QAZAQTIMES.COM. «Электронды үкімет: Эстония әлемге үлгі бола ала ма?» - 1,3 млн ғана халық саны бар Балтық өңіріндегі Эстония 1997 жылдан бері үкіметті онлайн режимге өзгерту үшін құлшынып келеді. 


12 желтоқсан 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.