Атырау, 27 сәуір 03:33
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ирак ДАИШ-пен соғыс аяқталды деп мәлімдеді

2 600 просмотра


Ирак билігі үш жылдан бері Ирак пен Сирияның белгілі бір аймақтарын басып алған ДАИШ-пен арадағы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com/russian сайтына сілтеме жасап.

Ирактың премьер-министрі Хайдер Абади Бағдатта өткен пресс-конференцияда Ирак әскерінің Сириямен бөліп тұрған шекараны толықтай бақылап отырғанын мәлімдеді. Шекара маңындағы бірнеше облыс осы күнге дейін ДАИШ қарамағында болды. Соңғы Рава қаласы қараша айында азат етілді.

Мұндай мәлімдеме Ресей бас штабы ДАИШ-тың бұдан былай Сирия территориясын бақыламайтынын мәлімдегеннен кейін екі күн өткен соң жасалды. Экстремистік топ 2014 жылы Ирак пен Сирияның көлемді аудандарын басып алып, сол аймақтарда өздерінің «халифат» құратындарын айтқан болатын. Басып алынған территорияда 10 миллионға жуық адам тұрған.

Соңғы екі жылда ДАИШ өздері бұрынырық басып алған Ирактың Мосул және «халифаттың» астанасы деп танылған Ракку қалаларынан айырылып қалды. Кейбір жауынгер Сирия территориясында жасырынса, екіншілері Түркия шекарасы арқылы қашқан болуы мүмкін.

Дереккөз: baq.kz

11 желтоқсан 2017, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.