Атырау, 26 сәуір 20:39
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қожамжаров шетелдегі ақшаны елге қайтаруға қатысты түсінік берді

2 130 просмотра


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров шетелде жатқан ақшаны қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар – Ұлт жоспарының бір бағыты Индустрияландыру күніне арналған жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жатқан ақшаны қайтаруға тапсырма берген болатын. Қазіргі есепке сәйкес, 18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Бүгін Астанада басталған xалықаралық конференцияда Қайрат Қожамжаров осы ақшаны қайтару мәселесін көтерді. 

Агенттік басшысының айтуынша, қазіргі заңнамада ұлттық компаниялардың ақшаны шетелге шығаруына қатысты нақты шектеу жоқ. 

«Қазіргі жағдайда ақшаны елге қайтарылғаны қажет. Президент осы мәселеге баса назар аударды. Қолданыстағы заңнамада нақты шектеу жоқ. 

Дегенмен, ол жұмысты жасауға әбден болады деп ойлаймын. Онымен Үкімет те, ұлттық компания басшылары да айналысады. Енді, бұл - ұрланған, я болмаса, қылмыстық жолмен келген ақша емес. Ол - Қазақстанның өз ақшасы, ресми қаражаты. Оны елге қайтару қажет. Осы жұмысқа біз де атсалысатын боламыз», - деді Қожамжаров журналистерге берген сұxбатында. 

Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қаржыны қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде 18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Атап айтқанда, «Теңіз Шевройл» компаниясы - 4,5 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - 3 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз барлау мен өндіру» компаниясы - 2 млрд доллар, «Азия газ құбыры» ЖШС - 1 млрд-тан астам, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС - 100 млн доллар, бұдан бөлек, «Шығыс Цемент», «Жайық Мұнай», Каспий құбыры консорциумы және тағы басқа компаниялар шетелде қыруар қаражатты ұстап келеді. 

«Неге олай істейсіздер? Қазақстанның ресурстарын сатып, ақша табасыздар? Ал табысты шетелде ұстайсыздар. Неге ол ақша осында айналып, ел экономикасына жұмыс істемейді? Жарты жылдың ішінде мемлекетке қарасты компаниялар шетелдегі қаржысын 2 млрд доллардан 6 млрд-қа дейін ұлғайтты. Сіздер нені күтіп отырсыздар?! Мен осыны түсінбеймін», - деп атап көрсетті Президент жалпыxалықтық телекөпір кезінде. 

Дереккөз: kazinform.kz

8 желтоқсан 2017, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.