Атырау, 18 желтоқсан 06:28
Таңертең ашық-5, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

«Пумсе – дәстүрлі таеквондо»

7 желтоқсан 00:00

Ғизат Серікқалиұлы Салихов, 47 жаста, ҚР чемпионатының бес дүркін жүлдегері, 2017 жылғы ҚР чемпионы, бапкерлік өтілі 4 жыл.

– Ғизеке, өмір бойы сізді карате ардагері деп есептеп келгенмін, сіздің таеквондышы екеніңізді енді біліп отырмын...

– Бала күнімде спорттың көптеген түрлерімен айналыстым. Кезінде мектепте Геннадий Петрович Иванов бапкерлік еткен грек-рим күресіне бардым. Содан кейін «Мұнайшыға» Сүндеткерей Қасанғалиев, ал ол кеткеннен кейін Юрий Алексеевич Тян жетекшілік еткен бокс секциясына қатыстым. 1985 жылы Гурьев теміржол техникумына оқуға түскен кезде Жұмат Таханов, одан кейін Аман Сарбухин жетекшілік еткен секцияда каратемен айналыстым. Айтпақшы, соңғысын сол жылдардың үздік каратешісі деп білемін.

1982 жылы СМП-163 командасының құрамында балалар арасында шайбалы хоккейден өткен Қазақ КСР чемпионатында біз 6-орын алдық. Жақсы шыныққандықтан, әскер қатарында оңай қызмет еттім. Борышымды өтеп келгеннен кейін достарым политехникалық техникумда екі энтузиастың таеквондо секциясын ашқанын айтты. Олар Әбляз Әбенов пен Қабибек Мұхитов болатын.

1994 жылы денсаулығым сыр беріп, спортпен айналысуды уақытша доғардым. Екі жылдан кейін Алматыға көшіп кетіп, сол жақта 14 жылдай тұрдым. Осында оралған кезде Атырауда секция ашылғаннан бастап таеквондомен бірге айналысқан достарым Мұстахим Қабдрашев пен Бауыржан Төребаев мені кері спортқа шақырды. Мен біртіндеп бейімделіп, пумсеге жаттыға бастадым. 2013 жылы ұзақ уақыттан кейін алғаш рет пумсе бойынша ҚР чемпионатына қатысып, қателіктер болса да, жүлдегер атандым...

Қазіргі ел чемпионаты туралы әңгімелеп берсеңіз.

– Пумсе бойынша ел чемпионаты Астанада жоғары деңгейде өтті. Қабибек Мұхитов 51-60 жастағы ардагерлер тобында бақ сынады. Ол бүкіл жаттығуларды мүлтіксіз орындап, алтын алқаға қол жеткізді.

Мен 41-50 жастағы спортшылар арасында қатыстым. Менің тобымда қазақстандық пумсенің негізін салушы тараздық Александр Ан қатысты, бірақ мен одан басым түстім.

Айдана Махимова мен Асан Қасаев алтын және күміс алқалардың лайықты иегерлері атанды, алайда олардың мықты бәсекелестері көп болды. Айдананы жақсы дайындадық, ол басқалардан үздік өнер көрсетті. Бастысы –ол ҚР Кубогында өзін жеңген тараздық бәсекелесін жеңді. Қарсыласы күміс алқаны місе тұтты.

– Пумсе сайыстарында спортшылардың алдында қандай міндет тұрады?

– Пумсе – бұл дәстүрлі таеквондо. Көпшілігі спорттың бұл түрін аяқпен ретсіз жасалатын соққы ретінде көреді. Іс жүзінде таеквондо әдістеріне қапсыра ұстау, қолмен, шынтақпен, тіземен соққы жасау кіреді. Пумсенің міндеті – таеквондоның не екенін көрнекі түрде көрсету. Мұны «көлеңкемен жекпе-жек» деп атауға болады. Тік тұру, соққылар, қозғалыстар мінсіз болуы тиіс. Егер қимыл солқылдақ, сенімсіз орындалса, төрешілер ұпай санын төмендетеді. Таеквондо бойынша керуги жекпе-жегінде спортшы соққы жасайды. Бірақ оның қандай траекторияда жасалғаны ешкімді қызықтырмайды. Пумсада анағұрлым күрделірек. Оңтүстік Кореяға жиынға барған облыс құрамасының мүшелері керуги бойынша 6 сағаттап жаттыққандарын, ал пумса бойынша күні бойына залдан шықпағандарын айтты.


– Пумсе әлеміне қалай аяқ бастыңыз?

– Алматыдан Атырауға кері келген кезімде осында екі корей мастері шеберлік дәрісін өткізуге келді. Олардың бірі пумса бойынша маман болатын. Біз күніне екі рет бір ай бойына жаттықтық. Соған кейін үйреніп, бейімделіп кеттім.

Қазақстанда 2000 жылдардың басында пумсаны алғаш боп тараздықтар қолға алып, үйрене бастады. Олар әлем және Азия чемпионаттарына анағұрлым ерте шықты. Соңғы кездері әлемде пумсе іліміне көп көңіл бөліне бастады.

– Пумсе Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді ме?

– Әзірге кіре қойған жоқ. Бірақ Азия ойындарының бағдарламасына енген.

Облыстық чемпионат өткізіліп тұра ма?

– Жоқ. Өйткені, Атырауда пумсеге қызығатындар аз. Пумсеге ұзақ жаттығу керек. Ал қазіргі жастар керуги ұсынатын тез жеңістерге қол жеткізгенді жөн көреді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет Ғ. Салиховтың мұрағатынан алынды


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

431 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Соғыста және соғыстан кейін  1369 рет қаралды

АҚШ-та полицей болып істейтін қазақ жігіті ерлік жасады  685 рет қаралды

Ол соғыстан оралған жоқ  1433 рет қаралды

Өміршең жауынгер  2417 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5