Атырау, 27 сәуір 07:57
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сағынтаев денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады

1 986 просмотра


Бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов (суретте) дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шараларға қатысты есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отырыста Елжан Біртанов баяндамасын аяқтаған соң, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев аталған мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Бір жаманы біз барлығын бір орталыққа бағындырдық. Жиһазды, автокөлікті, дәрі-дәрмекті орталықтандырдық. Яғни, біз барлығын бір орталыққа бағындырып жатырмыз. Бұл - дұрыс емес қой. Орталық мемлекеттік органдар арқылы механизмдер жүргізудің орнына басқа құралдарды іздеу қажет. Егер басқа өңірлердегі аталған жүйеде кемшілік табылса, үкіметтік емес ұйымдарды да орталықтандыру қажет шығар», - деді ол.

Сонымен қатар Премьер-министр еліміздегі дәрі-дәрмек бағасының әртүрлі екенін айта келе, бұл мәселенің әлі күнге дейін шешілмей отырғанын жеткізді.

«Түркияның Ыстанбұлы немесе Анкара қалаларында немесе шалғай аумақтағы елді-мекендерде баға бір. Ал бізде бір қаладағы әртүрлі дәріханаларда бір дәрі түрлі бағамен салытып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдар есебінен тиісті түзетулер жүргізу қажет», - деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

4 желтоқсан 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.