Атырау, 26 сәуір 15:37
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үй ауласындағы көлікжайда болған жарылыстан бір әйел көз жұмды

Сурет
4 588 просмотра


29 қараша күні кешкі сағат 21.40-та Ардагер ықшам ауданы, №11 мекенжайында орналасқан екі қатарлы жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнында 1992 жылы туған әйел адам көз жұмды.

Өрт сөндірушілер үйдің толықтай ашық отпен жанып жатқанда жетіп, өртті 22.50-де сөндірді. Ал, үй иелерінің айтуынша, жарылыс үйдің бірінші қабатында орналасқан гараждағы автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі газ фильтрін тазалау кезінде орын алған. Салдарынан уақытша тұрғын үйдің екінші қабаты опырылып, төменгі қабатқа құлаған.


Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен бірге қайғылы жағдайдан 1990 жылғы және 1991 жылы туған ер адамдар 1-2 дәрежелі күйік алса, 1974 жылы туған әйел адам 2-3 дәрежелі, ал 1992 жылы туған ер адам 2-3 дәрежелі күйік алған. Олар қазіргі уақытта облыстық ауруханасында жатыр.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Фотоларды оқиға куәгерлері жолдады

30 қараша 2017, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.