Атырау, 27 сәуір 00:37
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Ешкім де жазадан құтыла алмайды". Назарбаев Қожамжаровты қабылдады

1 534 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Кездесуде Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктің биылғы 10 айда атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. "Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдаған кезде кімде-кім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмайтынын және жазадан құтылмайтынын ескерткен болатынмын. Соңғы жылдары бұл бағытта көп жұмыс атқарылды", - деді Қазақстан Президенті. 

Елбасы бюджет қаржысын тиімді әрі ашық пайдалану қажеттігін айтты. Қожамжаров Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу барысында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеп, оның іске асырылуына халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары баға берілгеніне назар аударды. 

"Биылғы 10 айда 3400 қылмыстық іс қозғалып, оның бір мыңы сотқа берілді. 15 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынның 11 миллиарды мемлекетке қайтарылды. Құны 7 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды", - деді Агенттік төрағасы. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Аkorda.kz  


21 қараша 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.