Атырау, 26 сәуір 19:07
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаңа жыл қанша тұрады?

5 190 просмотра
Фото "АЖ" мұрағатынан алынды.

Қалалық әкімдікте «Жаңа 2018 жылды қарсы алу мақсатында Атырау қаласын безендіру жұмыстары» лоты бойынша тендер өткізілді. Тендер құны 89 млн теңге, оны «Диас и Компани» компаниясы ұтып алды. Бұл туралы тапсырыс берушінің өкілі – Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының директоры Серік БИҒАМБАЕВ хабарлады.

- Өткен жылмен салыстырғанда жаңа безендірулер бола ма?

- Өткен жылы мен бұл жұмыстармен айналысқан жоқпын. Қазір жаңа безендіру нұсқалары, соның ішінде көшелер мен алаңдарда жарқыраған құрылымдар бойынша эскиздер әзірленгенін білемін. Жұмыс көлемі үлкен, - деп жауап берді С. Биғамбаев.

Салыстырар болсақ, жаңа жылдың қарсаңында Ақтау қаласын безендіруге жергілікті билік 13,9 млн теңге (өткен жылға қарағанда 5 млн теңгеге аз) жұмсауға дайын. Естеріңізге салсақ, 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі тойлануы тиіс, бірақ бұл туралы әзірге ақпарат жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қараша 2017, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.