Атырау, 27 сәуір 07:35
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстандықтар жылдық табысы өте төмен халықтар қатарында

3 716 просмотра

Global Wealth Report швейцариялық банктің баяндамасына сәйкес, Қазақстан халқының жылдық табысы 5 мың доллардан аз мемлекеттер қатарына жатқызылды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Аталып өткендей, Қазақстаннан басқа табысы аз мемлекеттер тізіміне Украина, Беларусия, Молдова елдері енді. Ал, табысы 25-100 мың доллар аралығындағы елдер қатарына Малайзия, Либия, Қытай, Сауд Арабиясы, Перу мен Чили кірді.

«Табысы 100 мың доллардан асатындар қатарынан АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Бельгия, Нидерланды, Италия, Испания, Ирландия, Швеция, Норвегия, Финляндия, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония мен Оңтүстік Корея табылды», - деп түсіндірілген хабарламада.

Осы ретте, Жердің ересек адамының жан басына шаққандағы орташа табыс көрсеткіші рекордтық көрсеткіш - 56,5 мың долларға жетті. Сонымен қатар, ең бай 0,7 пайыз адамға (36 млн адамға жуық) 128,7 трлн доллар тиесілі, бұл дүниежүзі байлығының 45,9 пайызын құрайды.

Долларлық миллионерлердің жалпы саны әлемде 2,3 млн адамға артты, олардың шамамен жартысы АҚШ-та тұрады. Өткен жылы Ұлыбританияда миллионерлер саны 34 мыңға азайса, Жапонияда ол 300 мыңға көбейді.

Сарапшылардың болжамы бойынша, жақын 5 жылда әлімдік әл-аухат шамамен осы жылдамдықпен артады. Нәтижесінде 2022 жылы ол 341 трлн долларға дейін көбейеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қараша 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.