Атырау, 26 сәуір 15:36
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Айыппұлға келісті

1 855 просмотра


Атырау қаласының №2 сотында пара алды деп айыпталған облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеулер қызметінің аға тергеушісі А.Ш.-ға үкім шықты.

Сотта белгілі болғандай, тергеуші букмекерлік кеңсенің иесі К.-ге лицензиясыз қызметін жүргізу барысында қорғаншылық етуге уәде берген. А.Ш.-ны 350 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ұстады.

Сотта прокурор мен сотталушы кінәні мойындау туралы процессуалды келісімге келді. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Ш. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған «майор» арнайы шені мен өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырумен қатар 5 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қараша 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.