Атырау, 27 сәуір 07:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

2018 жылы медициналық сақтандыру бойынша медкөмек көрсетілмеуі мүмкін

4 730 просмотра


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша халыққа медициналық көмек көрсету 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталмайды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жүйе бойынша медкөмек көрсету мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау туралы шешім қабылдады. Аталған заң жобасы мәжілісте талқыланды. 

"МӘМС-ке өтудегі негізгі проблема өзін өзі жұмыспен қамтығандарды анықтауда болып отыр. Сондықтан осыған байланысты, сіздердің назарларыңызға заң жобасы ұсынылады. Бұл бойынша МӘМС-ке қатысушыларға медициналық көмек көрсету мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтары деп және жеке тұлғалардың, қызметкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың,  жеке кәсіпкерлердің, сондай ақ, мемлекеттің (жеңілдік қарастырылған азаматтарға) жарна төлеу мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтары деп нақтылау ұсынылып отыр", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева. 

Оның сөзінше, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың аударатын жарналары 5%-дан 1%-ға дейін төмендетіледі. Ал жұмыс берушілерден жиналатын жарна көлемі 1,5% деңгейінде 2018-2019 жылдар аралығында жалғасады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерге назар аударып, аталған жүйені енгізуге асықпауға шақырған еді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


27 қазан 2017, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.