Атырау, 27 сәуір 05:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ерболат Досаев "Даму" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

2 052 просмотра


Ерболат Досаев "Даму" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол бұл орынға Асқар Маминнің орнына келген.   Айта кетейік, Ерболат Досаев 2017 жылдың тамыз айынан бері Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қызмет атқарды. "Даму" Қоры Директорлар кеңесіне 2016 жылдан бері мүше. Сол жылдан бастап ол "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық экономика министрі болса, 2013-2014 жылдар аралығында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне басшылық етті. 2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдар аралығында Денсаулық сақтау, Қаржы министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекеге қабілеттілікті қорғау агенттігін басқарды. 

Сондай-ақ қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болып қызмет атқарды. 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды. "Бұл - "Даму" Қорының жалғыз акционерінің шешімі", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz


20 қазан 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.