Атырау, 26 сәуір 20:43
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Уругвай марихуананы дәріханаларда сатуға рұқсат етті

1 616 просмотра

Фото: © Fotolia / romaset

Есірткіден жасалған дәріні алар кезде дәрігердің рецептін көрсету қажет, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Уругвай билігі марихуананы медициналық мақсатта сатуға рұқсат етті. Тиісті бұйрықты бейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Құжатқа сәйкес, енді каннабистан жасалған медициналық препараттар дәріханаларда сатылады. Дәрі-дәрмекті алар кезде дәрігер жазып берген рецептіні көрсету қажет.

Publimetro порталының хабарлауы бойынша, жаңа ереже шетелдіктерге де қатысты. Марихуана негізінде жасалған дәрі-дәрмек эпилепсия мен склерозды (ұмытшақтық) емдеуге, сондай-ақ ауруды басуға қолданылады.

Шілде айында Уругвайда марихуана көңіл көтеру мақсатында заңды түрде сатыла бастады. 2013 жылдың соңында ел билігі тұрғындарға марихуананы шектеулі мөлшерде өсіруге мүмкіндік беретін заң қабылдаған еді. Аталған заң 18 жастан асқан азаматтарға аптасына 10 грамм немесе айына 40 грамм марихуана сатып алуға рұқсат етеді. Алайда сатып алу кезінде олардан саусақ ізі алынады. Бүгінде сату жүйесінде 15 мыңға тарта тұтынушы тіркелген. Бір грамм каннабис шамамен 1,3 доллар тұрады. Осылайша, Уругвай марихуананы көңіл көтеру және медициналық мақсатта заңды тұрде сатуға рұқсат еткен әлемдегі алғашқы ел атанып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

20 қазан 2017, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.