Атырау, 26 сәуір 15:35
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Астанада кезекті Сүрия келіссөзі қазан айының соңында өтеді

1 926 просмотра

Фото: Вестник Кавказа

Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сүрия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сүрияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал. 

Ведомствоның мәліметінше, Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сүрияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталған. Сүрияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп, елдегі гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


20 қазан 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.