Атырау, 26 сәуір 20:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бензин 165 теңгеге қымбаттауы мүмкiн – Энергетика министрлiгi

2 016 просмотра


Бүгiн Сенатта ҚР Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев бензин бағасы 165 теңгеге дейiн қымбаттауы мүмкiн екенiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Халық пен ел экономикасын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бас ауруына айналған мәселе. Екi күн бұрын Үкiмет отырысында кезектi рет бензин жеткiзiлiмi мәселесi қаралды. Өздерiңiз бiлесiздер, қазiр негiзгi мұнай өңдеу зауыттарында жұмыстар аяқталуға жақын қалды. Бiздiң индикаторлар келесi - бiз 2018 жылы мұнай өңдеу көлемiн 15 млн тоннаға жеткiзуiмiз керек. Осылайша, елдегi барлық сұранысты жауып, отын тапшылығын болдырмауымыз керек. Қазiр мұнай өңдеу зауыттарындағы барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Қараша айының соңында жөндеу аяқталады. Бiз жұмыстар тәмамдалған соң жағдайды реттеймiз деп ойлаймын. Ал қазiргi таңда нарықтағы бензин жеткiзiлiмiн тұрақтандыру мақсатында Қазмұнайгаз Ресей Федерациясы нарығынан қажеттi мөлшерде бензин сатып алды. Әрине, ол жақта баға Қазақстандағы бағадан бiршама қымбат. Қазмұнайгаз шығынға ұшырап отыр. Бұл шығын толығымен ақталмайды. Сондықтан қазiр бензин бағасы бiраз қымбаттап жатыр. Бiз бензин бағасы 165 теңге деңгейiнде болады деп болжап отырмыз. Дегенмен, бензин жеткiзiлiмi мәселесi шешiлген соң, яғни ұсыныс артқаннан кейiн баға да төмендеуi тиiс», - дедi вице-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейiн Энергетика министрi Қанат Бозымбаев пен Қазмұнайгаз басшылығы бензин бағасы қымбаттайды деп мәлiмдеген болатын. Қазiр АИ-92 бензинiнiң бағасы 158 теңге тұрады.

Дереккөз: Baq.kz

19 қазан 2017, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.