Атырау, 27 сәуір 02:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Экономикалық қылмыс үшін күдікті қамауға алынбауы мүмкін

6 106 просмотра


Қазақстанда экономикалық қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар үшін санкциялар жеңілдетілмек. Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнеске қысымды азайту үшін экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі қамауға алмайтын боламыз. Ондай қылмыстар адамның өміріне қауіпті емес. Әрине, рейдерлік, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржы пирамидалары және ұйымдасқан қылмыстар, қылмыстық топтар оған кірмейді. Қылмыстық құқық бұзу туралы арыздар, хабарлар, рапорттар тіркелмейді, егер өкілетті органнан тексеру актісімен ревизия немесе аудитпен залал не елеулі зиян келгені, заңсыз кіріс болғаны расталмаса», - деді М. Ахметжанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында. 

Бұдан бөлек ол мүлікті пайдалану мерзімін шектеу мәселесіне де тоқталды. «Қазір тергеуші меншік иесінің мүлкін пайдалану құқығын 10 күнге шектей алады. Ол туралы бизнесмен білмеуі мүмкін. Енді тергеуші бұл туралы меншік иесіне 24 сағат ішінде хабарлауға міндетті. 10 күннен кейін ол  шектеуді алуға міндетті немес мүлікке тыйым салу үшін сотқа баруға тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ондай шектеу жоқ. Кейде мүлік ешқандай сот шешімінсіз айлап тыйым салу тәртібінде тұра береді»,-деді Марат Ахметжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 қазан 2017, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.