Атырау, 26 сәуір 23:17
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кубок тағы да көзден ұшты

2 187 просмотра


Өкінішке орай, біздің команда футболдан Қазақстан Кубогының финал матчында ұтылып қалды.

Алайда ақ-жасылдар, әсіресе, екінші таймда лайықты ойын көрсетті. Қорғаушылар да жоғары дәрежеде ойнады, алайда соққы күтпеген жерден берілді. 70-минутта қайраттықтар бәсекелесінің айып алаңына жақындап келіп, көп жүрістен кейін сол жақ қапталдан пас берді. Осы кезде қорғаныста жүрген «Атырау» шабуылшысы Владимир ДВАЛИШЛИЛИ бұл қиын жағдайдан өрнекті қимылмен шығуды ұйғарып, бірақ сол сәт добынан айырылып қалды. Жерар ГОУ допты қақпашыға мүмкіндік берместен қақпаға салды.

Бұдан кейін мұнайшыларға бәсекелесінің алаңына кіруден басқа амал қалмады. 84-минутта бұрыштан берген допты Марат ХАЙРУЛЛИН қақпаға соғып, ол қақпаның дәл ортасына – Владимир ПЛОТНИКОВТЫҢ қолына тиді. Матчтың 87-минутында күлкілі жағдай орын алды. Соғылған голдың авторы Жерар Гоу ауысыммен алаңнан кетті. Ол алаң шеңберінен шыға бергенде сол сәт қызыл карточка алды. Арбитрге оның трибуна жаққа көрсеткен ишарасы өрескел болып көрінді. Алайда ойыншы бар болғаны қолын жоғары көтеріп, бицепс (бұлшық етін) көрсеткен болатын.

...Кездесудің соңында алматылықтар асықпады. Судья 6 минут қосты, біздің команда үшін де моменттер болды. Соңғы қосымша минуттарда Әлішер СҮЛЕЙДІҢ қарсыласының айып алаңынан допты нысанаға дөп салуға мүмкіндігі болған еді, алайда соққысы сәтті шықпады. Осыдан кейін судья матчтың аяқталғанын хабарлады.  

Осылайша, «Қайрат» сегізінші рет Қазақстан кубогын иеленді. Ол келесі жылы Еуропа лигасында ойнайды. Ал «Атырау» енді қазақстандық Премьер-лигадан шығып кетпеу үшін күресетін болады.

Марат ТАКУЛИН

15 қазан 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.