Атырау, 16 шілде 13:45
Кешке ашық+29, түнде +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.45  € 399.57  P 5.52

Қостанайда педофил 17 жылға сотталды

12 қазан 2017 12:01


Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған үш қызды зорлауға әрекеттенген облыс тұрғынына қатысты сот ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Іс материалдары бойынша, 40 жастағы Леонид Кравцов Первомай орта мектебінде жұмыс істеп жүргенде арсыз әрекетке барған. Музыка пәнінің мұғалімі үстіміздегі жылдың 12 маусымы күні Мәдениет үйіне үш қызды алдап әкелген. Сәлден соң 6,7 және 10 жасар үш оқушының киімдерін шеше бастаған. Алайда 10 жасар қыз бірден Мәдениет үйінен қашып кеткен. Кейін белгілі болғандай, Кравцов қыздарды пианино үйретуге және тығылмақ ойнауға шақырған.  

Сот үкімімен педофил қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК «14 жасқа дейінгі баланы зорлауға оқталу» бабы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойы педагогика саласында қызмет істеу құқығынан айырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

523 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты   1206 рет қаралды

Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды  1353 рет қаралды

​Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімі үш жылға ұзартылады  167 рет қаралды

Аш қалдырмайды  605 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6