Атырау, 27 сәуір 03:38
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 999 просмотра

ПАРАДЗЮДО

Атыраулық парадзюдошы Әнуар Сариев Ташкентте өткен Әлем кубогында қола алқа иеленді.

Бапкер Жандос Қияновтың шәкіртінде бірінші шеңбер бос болды. Екінші шеңберде ол жапондық Дайсуку Андоны «иппонға» түсірді, үшінші шеңберде үнділік Кармпалды жеңді. Жартылай финалда румындық қарсыласы Александр Бологамен күресіп, тең күресте бір шидомен (ескерту) есе жіберіп алды. Финалда Болога татами қожайыны Шерзода Намозовтан жеңіліс тауып, Әнуар түрік Рецер Сифциді оңай жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша біздің батырымыз Токиодағы Параолимпиадаға бару үшін алғашқы рейтингтік ұпайын иеленді.

***

БИЛЬЯРД

Алматыда «Бастау» бильярд залында снукер бойынша ҚР чемпионаты өтті. Бильярд бойынша халықаралық сайыстар ағылшын және американ снукері мен орыс пирамидасы бойынша өтеді. Турнирге бүкіл Қазақстаннан 23 ойыншы қатысты. Алматылық Николай Громов пен атыраулық Михаил Ли финалға шықты. Ойын Громовтың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Біздің Михаил екінші, Оңтүстік Қазақстан облысынан Гарри Кожановский мен Абдул Вахид үшінші орындарды бөлісті.

***

ДЗЮДО

«Мұнайшы» спорт кешенінде 2003-05 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан Әкім кубогы өтті.

Матчтық кездесу түрінде өтетін сайыстарға бүкіл аудандық және қалалық БЖСМ, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және Ақтөбе қ. командасы қатысты. Дзюдошыларды жүлделі командалар үшін берілетін ақшалай жүлделер көтермеледі: 1-орынға – 300 мың теңге, 2-орынға – 150 мың теңге, 3-орынға – 100 мың теңге. Нәтижесінде БЖСМ-1 жеңіске жетіп, 2-ші және 3-орындарды тиісінше, олимпиадалық резерв пен Ақтөбе командасы алды.

КҮРЕС

Қапшағай қаласында белдесіп күресу бойынша ҚР Кубогы өтті.

Облыс құрамасының активінде үш алқа: күміс - Манарбек Аруов, қола - Ринат Лұқпанов және Амандық Абылай. Команданы Асылбек Қалиев дайындады.

***

Тольяттиде еркін күрестен Иван Самылинді еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Турнирде мақаттық спортшы Айдарбек Баймұратов ойдағыдай өнер көрсетті. Бірінші шеңберде Ульяновск тумасы Павел Медведевті жеңді. Екінші шеңберде кілем қожайыны Ильдар Нуримановты, жартылай финалда самаралық Дмитрий Саенкодан сенімді түрде жеңіп шықты. Ал финалда дағыстандық Еуропа чемпионы Рамазан Абдурахмановтан басым түсті. Балуанмен бірге бапкер, КСРО спорт шебері Сембай Баймұратов жеңісті тойлайды.

***

ДЖИУ-ДЖИТСУ

Семейде джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионаты өтті. «Файтинг», «комбат» және «невадза» санаттары бойынша бүкіл облыстан 400 балуан қатысты.

Облыс құрамасының қоржынына 3 күміс және 10 қола алқа салынды. Бір күміс және екі қола алқаны Берік Өткелбаев, бір-бірден күміс және қола алқа - Айым Махуова мен Әзиза Аманжолова алды. Қола жүлдегерлер: Жеңіс Нұрлыбаев, Дастан Қарасаев, Иззат Насиров, Руслан Искиндиров, Қуаныш Жаңбырбаев және Қуаныш Тұржігітов. Команданы Айбар Есенғалиев дайындады.

***

КИКБОКСИНГ

Уфада кикбоксингтен халықаралық санаттағы спорт шебері Елена Логункованы еске алуға арналған Бүкілресейлік турнир өтті.

Атырау намысын бес спортшы қорғады. Бәрі финалға жетті. Қорытынды: алтын - Абзал Дүсіпов, Жанәлі Сәлімгерей, Жандос Назарбеков, Сәлімжан Сәлімгереев, күміс - Сержан Құсайынов. Команданы дайындаған Данияр Юсупов.

***

ДЗЮДО

Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтті.

Облыс құрамасының мүшелерінде 4 алқа: алтын - Айзада Алмаз, күміс - Шынар Сүйіндікова және қола - Хамира Әмірғалиева, Гүлзада Алмаз. 

***

ФУТБОЛ

Футбол орталықтары мен Академия арасындағы ҚР біріншілігі жалғасуда.

Сайысқа жеті жас аралығындағы ФО шәкірттерінің командалары қатысты. Ең кіші 2005 жылғы спортшылар үшін чемпионат аяқталды. «Атырау» ФО командасы 7-орында. Ал атыраулық шабуылшы Темірлан Жиенбаев чемпионаттың үздік шабуылшысы атанды (10 гол).

ФО жастар және балалар мен жасөспірімдер футболының жетекшісі Талғат ҚАЖЕҒАЛИЕВ комментарий берді: «Балалар өз шеберілктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Қостанайлықтармен тең ойыннан кейін Павлодар мен Алматыдағы құрдастарынан 1:0 есебімен екі жеңіліс тапты. Мұны жолымыз болмай, қырсық шалды деп білемін!» 2004 және 1999 жылғы ФО шәкірттерінің командалары жартылай финалға өтпей, 5-8 орындар үшін күреседі. Жоғары жастағы командада ағайынды Владимир мен Александр Волкогоновтар, Эльдар Борис өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Команданы Александр Лобашов жаттықтырады. Төменгі жас командасында: Біршімбай Альфараб, Айтжан Фазылов, Саламат Бақтыгереев үздік ойнады, бапкері Андрей Гусев. Атырау командасы финал кезеңінің бүкіл ойынын сырт алаңда өткізеді. Қорытынды қарашада белгілі болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.