Атырау, 26 сәуір 16:35
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Activ абоненттеріне келісім-шарт ұсыныстары бойынша Galaxy Note8 сатылымы басталды

PR
3 254 просмотра


Activ абоненттеріне келісім-шарт ұсынысы бойынша және толық құнына Galaxy Note8 флагмандық смартфонның сатылымы басталды.

Galaxy Note8 басты артықшылықтары:

Экранда көрген нәрсеге толықтай ену әсері

Көмескі жарықтың өзінде анық фотосуреттер

Электронды қаламұшпен суреттер, мәтіндер және анимациялық хабарламалар

Note желісі тарихында бұл ең үлкен экран. Бүйір жақтауы болмағандықтан экран шексіз тәрізді әсер береді. Иә,  смартфон көлемі үлкейді, алайда, бұрынғыдай қолға ұстағанға жеңіл әрі қолайлылығын жоғалтқанжоқ. Дисплейде Quad HD жоғары ажыратымдылық пен Super AMOLED технологиясымен бірге экранды артық айналдырусыз көбірек контент көруге болады. Қысқасы, не көрсеңіз де толық тереңдеп ену әсерінде қаласыз;

Galaxy Note8 Samsung компаниясының тарихында ең қарымды мобильді камераға ие болып отыр. Бейнекөріністі оптикалық тұрақтандыратын 12-мегапиксель қосарлы негізгі камера суретті тіпті жүріп бара жатқанда да анық түсіруге мүмкіндік береді. Ал Dual Capture тәртібінде бір уақытта бір басу арқылы екі түрлі суретке түсіруге болады. Бір сурет ірі  планда түсіріледі, ал екіншісі тұтас фонды қамтиды. Тағы бір Live Focus функциясы арқылы айқындылықты реттеуге болады және негізгі  объект дәл орталықта қалып, ал фонды көмескі түсіруге болады. Дәл осындай әдісті дайын суретке де жасауға болады.

S Pen – бұл флагманның тағы бір ерекшелігі мәтін жазудың, сурет салудың, байланысудың жаңа әдісін ұсынады.  Ойлап қараңызшы, енді мәтіндік хабарламаның орнына достарыңызға өз қолыңызбен салған анимацияланған суретті немесе  смайлды жібере аласыз.

Деректердің қауіпсіздігі және жоғары өнімділік

Смартфонды пин-код, пароль және суретті енгізуден бөлек, көзбен, бет әлпетімен немесе саусақтың ізімен блоктан шығаруға болады. Қуатты процессор шынайы графикасы бар ойындар, қосымшалар арасында тез ауысу, интернет арқылы медиа-файлдарды тек жүктеу сияқты смартфонға түсетін жүктемеге шыдамды. Бұл ретте, әрине, жаңалық Galaxy желісінің IP68 стандартын су мен шаңнан қорғау, көздің сыртқы мөлдір қабығын сканерлеу, саусақ таңбасы  датчигі тәрізді дәстүрлі ерекшелігін сақтап қалды. Яғни, су астында 1,5 метр тереңдікте смартфонды қолдана беруіңізге болады. 

Galaxy Note8 64 GB смартфонын «Келісім-шарт телефоны» акциясы бойынша Activ абоненттеріне «Кселл»  желісінде бір жылға, бір жарым жылға және екі жылға құрылғыға артық төлемсіз бөліп төлеуге сатып алуға болады.

Айлық төлемдер келісім-шарт мерзіміне және байланыстың толуына байланысты 20600-ден 39600 теңгеге дейін өзгереді.

«Келісім-шарт телефоны» акциясының пакетінің ішінде бөліп төлеу мерзіміне және қызметінің пакет көлеміне байланысты ай сайын:

  • Kcell/Activ желісі ішінде лимитсіз сөйлесу;
  • 500-ден 1000 минутқа дейін ҚР өзге ұялы операторларына қоңырау шалу;
  • 25-тен 35 ГБ дейін мобильді интернет;
  • 50-ден 100 минутқа дейін халықаралық бағыттағы қоңыраулар;
  • 30-дан 50 минутқа дейін роумингте қоңыраулар;
  • Kcell/Activ желісі ішінде 1000 SMS енеді.

Қосымша ақпаратты сілтеме бойынша ала аласыздар http://activ.mobi/note8contract

Атырауда Galaxy Note8 келесі мекенжай бойынша сатып ала аласыздар: Гурьев к-сі, 4; Құрманғазы к-сі, 13 Б

4 қазан 2017, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған