Атырау, 27 сәуір 10:01
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Түркиялық ұстаздар туралы

5 568 просмотра


Таяуда БАҚ-та Түркияның бірнеше азаматы – Павлодардағы Білім-инновациялық лицейінің (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) ұстаздарын Отанына қайтуға мәжбүрлеп жатқандықтан, олар президент Назарбаевтан Қазақстанда баспана сұрап отырғандары туралы ақпарат пайда болды. Ал Атыраудағы лицейде жағдай қалай?   

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, Атыраудағы лицейде жұмыс жасайтын шетелдік ұстаздарда Павлодардағыдай көші-қон полициясымен және ҰҚК-мен байланысты мәселе жоқ.  

- Былтыр қыркүйекте мен осы жағдайға орай қатты алаңдадым. Әйтеуір бәрі реттелді. Президент те өз сөзінде тұрды. Ол «егер Қазақстандағы түркиялық ұстаздар ешқандай заң бұзбайтын болса, онда ешкім оларды депортацияламайды» деді, - деп түсіндіреді жағдайды Сайлауова. – Жақында Атырауға іссапармен келген премьер-министр САҒЫНТАЕВТАН лицей директоры Исмаил ЭЛЬМА олардың жағдайы не болатынын сұрап, уайымдап отырғанын айтқан болатын. Бұған премьер: «Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер» деп жауап берді. Мен осы уақыт бойы маған лицей директорын ауыстыру туралы талап қоятын болар деп ойладым. Бірақ, ондай нәрсе болған жоқ. Және неге мен өз жұмысын жақсы атқарып отырған тәжірибелі, білікті маманды лауазымынан кетіруім керек? Тіпті, солай деп маған талап қойса, осылай деп айтуға дайындалып жүрдім.  

Естеріңізге салайық, өткен жылы түркиялық ұстаздарды еліне депортациялау туралы мәселе көтерілгенде ҚТЛ оқушыларының ата-аналары оларды қорғау туралы сұрап, президентке хат жазған болатын. Сондай-ақ, түркиялық ұстаздардың өздері де Назарбаевтан оларды үйлеріне қайтармауды өтініп, хат жазуды жалғастыруда.  

Атыраудағы лицейде қазір Түркияның төрт азаматы жұмыс істейді. Олардың визалары 2018 жылдың сәуіріне дейін жарамды. Ұстаздардың ешқайсысы да, соның ішінде директор да өзі және тарихи отанындағы туыстары үшін қауіптеніп, орын алып отырған жағдайға қатысты ашық түрде комментарий беруге келіскен жоқ.  

Айнұр САПАРОВА

29 қыркүйек 2017, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.