Атырау, 27 сәуір 02:51
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Көне ыдыстар жаңаланды

Сурет
6 334 просмотра

26 қыркүйекте Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ыдыста да ырыс бар» атты көрме ашылды. Көрмеге XIX ғасырда Атырау жерінде қолданылған көне жез ыдыстар қойылды.

Бұл - тұрмыста қолданылған жез самаурындар мен жез күлсалғыш, табақтар мен  құмандар, табақшалар мен қант салғыштар. Осы тұрмыстық заттарды музей қорына бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары тапсырған екен.

Музейдің ғылыми қор бөлімінің маманы Болған СҮЙЕУҒАЛИЕВА:

- Барлық экспонаттарды өлкеміздің тұрғындары қолданған. Бұрын бұларды дат басқанымен, енді міне тазалап, халыққа ұсынып отырмыз. Бұл жез ыдыстарға қала қонақтары мен шетелдік қонақтар үлкен қызығушылық танытып отыр.

Жезді ыдыстардың көрмесі бір айға дейін жалғасады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

28 қыркүйек 2017, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.