Атырау, 27 сәуір 07:20
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Желіде жыртылған полиция хаттамаларының суреттері пайда болды

3 760 просмотра


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қоқысқа лақтырылған делінген әкімшілік айыппұлдар туралы хаттамалардың жыртылған суреттерін тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ирина Лукьянина Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автордың айтуынша, ол бұл хаттамаларды қоқыс жәшіктерінің маңынан тапқан. Суреттер Желіде бүгін пайда болды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер бұл мәліметтің тексеріліп жатқанын айтты. 

"Материалдар ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жолданады. Автордан ішкі істер органдарына ресми түрде өтініш жазуын сұраймыз. Сондай-ақ, осыған қатысты мәліметті ІІМ-нің "1402" сенім телефонына немесе ҚР Әкімшілік полиция комитетінің Facebook желісіндегі парақшаларына хабарлауға болады", - деді Лукьянина.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 қыркүйек 2017, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.