Атырау, 26 сәуір 20:00
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Министрлік отын тапшылығына қатысты байбалам салған «Эйр Астанаға» реніш білдірді

1 808 просмотра


"Эйр Астана" компаниясының Шымкент мұнай өңдеу зауытының жабылуына қатысты байбалам салғаны орынсыз болды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Бүгін "Эйр Астана" тарапынан Шымкент мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеуге жабылатыны туралы мәлімдеме тарады. Ондай мәлімдемелерді жасағанға дейін бізбен ақылдасуға болатын еді. Себебі біз олармен тікелей жұмыс істейміз. Шымкент зауытында тоқтап қалатындай ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары болмайды. Көктемде барлық қондырғылар жөндеуден өткен болатын. Алдағы уақытта дизельді отынды тазарту қондырғысын жаңарту жоспарланған. Дегенмен, аталған жұмыс керосин мен бензинді өндіруге ешбір әсер етпейді", - деді Мағауов. 

Оның айтуынша, ағымдағы жылы 16 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, бензин өндіруге кірісті. Ал 20 қыркүйекте Павлодар зауыты күрделі жөндеуге жабылды. Келесі жылдан бастап ол да жоғары сапалы керосинді шығара бастайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


25 қыркүйек 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.