Атырау, 27 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Лас жерде лимонад құйғандардың видеосын ҚР МКК зерттеп жатыр

Бейнежазба
2 005 просмотра


ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті лас жерде лимонаж құйғандардың видеожазбасын тексеріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Модернизация басқармасының жетекшісі Жамбыл Сұрағанов хабарлады. 

Интернетте пайда болған видеожазбада әйелдер мен ер адамдар кішігірім цехте шөлмектерге лимонат құйып жатқаны көрінеді. Сироп қосу, қақпағын жабу және этикетка жабыстыру сияқты барлық операция қолғапсыз жасалады. Алайда видеодан бұл лимонадтардың маркасын танып білу мүмкін емес. Ал кейбір қолданушылар бұл оқиғаның Өзбекстанда болғанын айтып жатыр. Ал заманауи өндірістерде бұл процесс автоматтандырылған. Пластик құтылар қайтадан қолданылмайды, арнайы дайындалған преформалардан жасалады.

МКК өкілінің айтуынша, мұндай дерек Қазақстанда тіркелмеген. "Барлық облыстан жауап алдық. Мұндай дерек бізде тіркелмеген. Алайда жұмыс жалғасып жатыр", - деп пікір білдірді Сұрағанов.


Дереккөз: Tengrinews.kz


25 қыркүйек 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.