Атырау, 26 сәуір 18:16
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Астанаға АМӨЗ көрінбейді

2 065 просмотра

8 қыркүйекте «ҚазМұнайгаз» АҚ сайтында АМӨЗ-дің мұнайды терең өңдеу кешенінде (МТӨК) жабдықтарды тексеру және сынақ жұмыстары жүргізілгендігі туралы ақпарат жарияланды.

Материалда нафтаны сутекпен тазалау және жеңіл бензинді бөлінділерді изомеризациялау секцияларында қалыптар мен жылу алмастырғыштарға ішкі және сыртқы тексеру жұмыстары жүргізілгені хабарланған. Тексеруге, басқалармен қатар, ҚР ИДМ Атырау облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің мемлекеттік инспекторлары қатысқан. Сондай-ақ, олардың қатысуымен жүккөтергіш механизмдерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген. 

Қала әлсін-әлі кәсіпорынның зиянды шығарындыларына тұншығып жататындықтан, біз аталмыш департаментке тексеру нәтижелері туралы ақпарат ұсыну өтінішімен сауал жолдаған едік.

14 қыркүйекте департамент басшысының міндетін атқарушы Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТІҢ қолы қойылған жауап алынды. Онда қыркүйектің басында АМӨЗ-дің қауіпті өндірістік нысандарына тексеру жүргізілмегендіктен, редакция сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік жоқ екені хабарланған.

Ал 15 қыркүйекте ҚМГ-ның сайтында өнеркәсіп қауіпсіздігі инспекторларының АМӨЗ МТӨК-нің «SGP» қаныққан газдарды фракциялау қондырғысында колоннаны гидравликалық сынау жұмыстарына қатысқандығы туралы ақпарат жарияланды.

Естеріңізге салсақ, 2007-2011 жылдары Ж.Дүйсенғалиев облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымында жұмыс атқарды, кейін мәжіліс депутаты болды. Сол кезде де ол баспасөзге пайдасын тиіп жарытпаған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қыркүйек 2017, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.