Атырау, 26 сәуір 23:46
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Билік салафизмге күшпен тыйым салғысы келмейді", «Қазақ жастары қалаға келмесін» дегені ме?, "Назарбаевтан бата алған Бабанов Президент бола ала ма?", "Қытай басшысы өз орнын сақтап қала ала ма?"

2 089 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Билік салафизмге күшпен тыйым салғысы келмейді" - Бүгінде еліміздің діни кеңістігі әлі де жат пиғылдағы қауіп-қатерлерден арыла алмай отыр. Ақпараттық қауіпсіздігіміз де толыққанды қорғалмағандықтан, діни түсінігін шыңдауға ниет еткендердің басым бөлігі теріс ағымдардың шылауына оп-оңай-ақ ілініп кетіп жатыр. Қажет болса, діни білім беретін мекемелердің өзі арнайы органдар тарапынан бақылауға алынбайды екен. Осының салдарынан елімізде мыңдаған бала заты ислам, алайда заты күмәнді білім алуға мәжбүр болып отыр.

"Әлімхан ЖҮНІСБЕК: Жаңа әліпби құлдық санадан құтқарады" - Латын әліпбиі талқысында ең алдымен тіл саласында жүрген мамандардың пікірін білу маңызды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбекті аз-кем әңгімеге шақырып, парламентте таныстырылған әліпбидің қандай негізбен жасалғанын сұраған едік.

«Қазақ жастары қалаға келмесін» дегені ме? - Неғып екенін қайдам, мәжіліске «төтенше қызметтен» келген Владимир Божко соңғы кездері әңгімеге төтеннен қосылып, төбеден қойып қалатын болып жүр. Әңгімесіне қарасаңыз, қазақ жастарын шіли жақтырмайтын сияқты. Естеріңізде болса, мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко өткен көктемде бір ұсыныс айтқан-ды. Бір қарағанда жап-жақсы-ақ ұсыныс сияқты.

AZATTYQ.ORG. "Оқушы қыздардың сабаққа орамалмен кіруі қиындап тұр" - Білім және ғылым министрлігінің былтырғы оқу жылының ортасында шығарған бірыңғай мектеп формасы туралы бұйрығы биылғы оқу жылының басында барлық дерлік аймақтарда дауға айналып жатыр. Мектеп пен діндар ата-аналар арасындағы тығырыққа тірелген кикілжің енді жерде-жерде сотпен шешілетін сияқты.

"«Матильданы» Қазақстанда көрсете ме?" - Ресейлік кинорежиссер Алексей Учительдің «Матильда» фильмі айналасындағы айтыс-тартыс жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Кинопрокат желілері басшыларына фильм прокатынан бас тартуға шақырған электрондық хаттар түсіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "Қытай басшысы өз орнын сақтап қала ала ма?" - Қытай Коммунистік Партиясы (ҚКП) XIX құрылтайының басталуына тұп-тура бір ай уақыт қалғанда, жұртты елең еткізердей бір хабар тарады. Ол Қытай компартиясының кезекті  құрылтай барысында партия жарғысына өзгеріс енгізетіні туралы сөз еді.

ABAI.KZ. "Назарбаевтан бата алған Бабанов Президент бола ала ма?" - Президент Назарбаев маңызды кездесу өткізу үшін Алматыға арнайы келді деген ақпарат әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында жария болды.

"Қош бол, "Cоттылық туралы" анықтама! Қош бол, Қытай елшілігі!" - Бүгіннен бастап, Қазақстан Республикасына тұрақты тіркеуге тұруда, Қытай Халық Республикасынан көшіп келген қандастарымыға басты кедергі болып келген, соттылығының бар немесе жоқтығын дәлелдейтін анықтаманы талап ету күшін жойды.

QAZAQUNI.KZ. "Ақтөбеде зираттар аукцион арқылы сатылған" - Ақтөбе іргесіндегі қорымдар жаппай жалға беріліп жатыр. Қазірдің өзінде әкімдік елу зиратты аукцион арқылы жеке компанияның басқаруына берген.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Шетелдік мамандардың елімізде қалай және қанша жұмыс істейтіні анықталды" - Шетелдік мамандардың Қазақстанда жұмыс істеуіне рұқсаттың үш түрін беру ұсынылып отыр, деп хабарлады бүгін үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

DALANEWS.KZ. "Ж.Түймебаев: «Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз»" - Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде айтты.

QAMSHY.KZ. "Латынға көшу - рухани жаңғырудың бір терезесі ме? - жастар жанарымен" - Қазіргі қазақ қоғамында барынша кеңінен талқыланып жатқан тақырып - латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл бастама Елбасының 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақастан-2050» стратегиясында айтылса да, ол тұста дәл бүгінгідей ауқымдылық сипат алмаған еді. Ал «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаладан соң тұтас қоғамда бір түрлі сілкініс қалыптасты. “2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек”-деген Елбасы сөзінен соң іске білек сыбана кірісушілер артты. БАҚ-та қазақ әліпбиін реформалау туралы екі мыңнан артық сараптамалық мақалалар мен пайымдаулар жарық көрсе, әлеуметтік желілерде үш мыңнан астам жазбалар шығып үлгірді. Тіпті 11 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауы да өтті.

20 қыркүйек 2017, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.