Атырау, 26 сәуір 23:56
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Саяси портрет. Тоқаев Қазақстандағы екінші адам", "Мектепте 5-6 сағат хиджабсыз жүрген қыз мұсылмандықтан шығып кетпейді – маман", "Серік ЕРҒАЛИ: Латынға көшу – қазақ тілін жазу реформасы арқылы тәуелсіздендіру", "Болашақ түлектері бар мүмкіндіктерін нел

2 294 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Барлық мектеп украин тілінде оқитын болды" - Украинада мектеп реформасы туралы пікірталас басылмай тұр. Жазғы каникулдан кейін – қыркүйектің 5-і күні Украина парламенті «Білім туралы» заңды қабылдады. Құжатқа сәйкес, енді оқушыларды (бастауыш және бейіндік орта білім беретін мектептерде 2018 жылғы қыркүйектің 1-інен, ал негізгі орта білім беру мекемелерінде 2022 жылғы қыркүйектің 1-інен бастап) 12 жылдық толық жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша оқыту көзделген.

"Патша кезіндегі құдыққа кіріптар ауыл" - Маңғыстауда шалғайдағы Аққұдық ауылының халқы ұзақ жылдар бойы су тапшылығы мен жаман жолдан қиындық көріп отырғандарына шағынады. Жергілікті билік мәселені біртіндеп шешуге уәде етеді.

ABAI.KZ. "Саяси портрет. Тоқаев Қазақстандағы екінші адам" - Сөйтіп, Қасекең қайта сайланды. Президент Назарбаев кандидатура ұсынып, сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Сенат спикерлігіне Қасекеңнің кандидатурасын құп көріпті.

"Ел аумағын түгендеген Танашев" - Халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының нағыз азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген және қоғамның бүгінгі рухани жаңғыруы кезеңінде де жеке тұлғалардың құбылысы ерекше орын алады. Бізде көптеген оқиғаларға, тіпті адам тағдырына да өз мақсат-мүддеміз емес, өзгелердің көзімен, қоғамдық құбылыстардың барлығын еш реңксіз, «ақ» пен «қараға» бөле саралайтын идеология тұрғысынан қараушылық ызғары әлі де сезіледі.

BAQ.KZ. "Мектепте 5-6 сағат хиджабсыз жүрген қыз мұсылмандықтан шығып кетпейді – маман" - Мектепте міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау заң талабы және Мемлекет басшысының шешімі саналады. Ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсұну міндетті. Ал оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушы ретінде айыпталады. Сондықтан мектепте 5-6 сағат хиджабсыз жүрген қыз мұсылмандықтан шығып кетпейді. Бұл туралы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Ерден Қажыбек: Латын әліпбиіне көшу арқылы тіл саласындағы жүйесіздіктен арыламыз" - Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткен болатын. Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланған жиында жаңа әліпбидің нұсқасы таныстырылды. Бұл алдағы уақытта халық назарына ұсынылып, тіл мамандарының талқысына түсетіні белгілі. Осы орайда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жаңа алфавиті жайлы А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбекпен әңгімелескен едік.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ-Ресей қайшылығы: Кремльдің достастық тілегін Ақ үй неге қабылдамады?" - Кремль биылғы жылдың басында Трамп үкіметіне екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта қалпына келтірудің жол картасын ұсынғанын мәлімдеді. Алайда, АҚШ үкіметі бұған жауап бермеген. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымында жазылды.

INFORMBURO.KZ. "Болашақ түлектері бар мүмкіндіктерін неліктен пайдалана алмай жүр?" - Шет елден білім алғандар бірде жағдай жасалмаған десе, бірде жалақы мен сұраныстың аз екенін айтады. Ал шын мәнінде олардың потенциалының ашылуына не жетпейді?

QAMSHY.KZ. "ҚР заңына сәйкес оқушылар мектепте хиджаппен жүре ала ма?" - Оқушылардың мектепке хиджапен баруына қатысты қоғамда жанжал өршіп тұр. Аталмыш мәселеге қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бірі оқушылардың мектеп формасын кию керек десе, қалған жартысы оқушылардың діни сенімін ескеріп, оларға таңдау еркіндігін беру қажет деп есептейді. Ал ҚР заңында мектепке хиджаппен баруға қатысты не делінген?

AIKYN.KZ. "Жаңашыл экономиканың бастауы – адами капитал" - Қазіргі экономика сапалы адами капиталға негізделген. Бұл – экономика мен қоғамның алға жылжуының маңызды факторы. Президент Н.Назарбаев жастармен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен жолыққанда ылғи да елдегі адами капиталды қалыптастыру – алдымыздағы негізгі мақсат екенін ескертіп отырады. Сондай кездесулердің бірінде ол «Біз адами капитал экономиканы тұрақты дамытып отырудың негізі және инновацияның қозғалтқыш күші екенін жақсы түсінеміз, сондықтан да тәуелсіз елдің саясаты осы бағытта құралды» деген болатын.

QAZAQUNI.KZ. "Серік ЕРҒАЛИ: Латынға көшу – қазақ тілін жазу реформасы арқылы тәуелсіздендіру" - 2016 жылғы жер дауынан да зор болғалы тұрған жайттың құлағы қылтиды. Ол – АҚШтағы қос мұнара сұлаған күнмен күндес, 2017 ж 11 қыркүйекте қазақ тіліне арналған латын әліпбиінің Парламентте мақұлданған нұсқасы. Кейбір ресми ауыздан бізге сол шикі нұсқа мақұлданғандығы айтылғасын осылай деп отырмыз. Шын мәнінде Мәжілістегі отырыс форматы халықтық талқылауға түспеген, ғылыми сараптамадан өтпеген мұндай нұсқаны логика жағынан да, процедура тарапынан да мақұлдауға тиіс емес. Сонымен…


14 қыркүйек 2017, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.