Атырау, 27 сәуір 06:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында соңғы рет кездесті

Бейнежазба
2 656 просмотра


Лас-Вегаста орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IB нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес баспасөз мәслихатын өткізіп, "көзқарастар дуэлін" өткізді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті allboxing.ru порталына сілтеме жасап.

35 жастағы Геннадий Головкин мен 24 жасар Сауль Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста T-Mobile аренасында бокстасады.

Журналистер алдында сөйлеген Геннадий Головкин бұл жекпе-жекті ұйымдастырған промоутерлерге - Golden Boy мен GGG Promotions компанияларына, өзін қолдап келе жатқан демеушілер мен әріптестерге алғыс айтты.

"Бұл - бокс үшін үлкен уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын. Мен Канелоның командасына құрметпен қараймын. Бұл біз үшін ең маңызды күн. Біз үшін ғана емес, бокс үшін де. Міне, ол күн келді! Бұл нағыз тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше!" деді Головкин.

Оның бапкері Абель Санчес өте жақсы жаттығу лагерін өткізгендерін айтты.

"Геннадий 100 пайыз дайын. Эдди мен Чэпо да "Канелоны" солай дайындағанына сенімдімін. Біз күрделі, драмаға толы жекпе-жекті күтіп отырмыз. Екеуінің бокс стильдері біз көптен күткен, біз көп уақыт ұмытпайтын жарылысқа толы жекпе-жекті көрсете алады деп ойлаймын" деді ол.

Дереккөз: Вaq.kz


14 қыркүйек 2017, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.