Атырау, 22 қаңтар 07:08
Таңертең бұлыңғыр болады-5, күндіз -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Музейде көрме өтуде

14 қыркүйек 2017 00:00

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде атыраулық cуретшілер мен қолөнершілердің «Шырайлы Атырауым» тақырыбында көрмесі өтіп жатыр. 

Көзге түскен ерекше экспонаттардың бірі - қобыз болды. Авторы Кеңес АЙЫПҚАЛИЕВ біршама уақытын сарп етіп жасаған бұл қобызды ЭКСПО-2017 көрмесіне апарған. Сонымен қатар, дизайнер Маржан МАРШАЛЛДЫҢ тіккен киімдері қызығушылық тудырды. Ал Мейірбек ЖАҒЫПАШЕВ гипстен бекіре балықтарын бейнелеген.

- Өзімнің туындыларыммен Италия, Испания елдерінде болып, Леонардо да Винчи атындағы өнер академиясында тәжірибе алмастым, - дейді М.Жағыпашев.  

Ол Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында сабақ береді, ал оның шәкірттері әр түрлі деңгейдегі байқау-фестивальдарда жүлделі орындар алып жүр.  

- Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз - жергілікті қолөнершілерді қара шаңыраққа жинау. Және туындыларын халыққа насихаттау, - Жәнібек АМАНИЯЗОВ, музей басшысының орынбасары. – Осы көрмеде қойылған экспонаттардың барлығы да ЭКСПО-да қойылып, көптің көңілінен шыққан.  Біз оларға өз туындыларын тегін қоюға мүмкіндік беріп отырмыз. Жергілікті қолөнершілерді қолдау жалғаса бермек.

Фархат ӘБІЛОВ Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

606 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Күмбірлеген күй кеші  727 рет қаралды

Мерейтойдағы музыка мерекесі  1102 рет қаралды

Қастеев музейінің классиктері Атырауда  1434 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  969 рет қаралды

Басты бет